Институт жайлы

Басып шығару

Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты республиканың іргелі зерттеу орталығы ретінде экономикалық ғылымының әлеуетін қалыптастырып, оның санатын белгілейді.

Институт – ғылымның, Қазақстан экономикасы мен сациумының стратегиялық даму басымдықтарын зерттеулерді жүргізуге бейімделген икемді құрылым. 

2010 жылы элемдік және отандық экономиканың даму талаптарына сәйкес бәсекелестікке қабылеттілікті, инновацияларды, адам капиталы мәселелерін зерттеуге бағытталып институттың құрылымы жетілдірілді.

 

Бүгінгі таңда институттың құрамында 7 орталық және Ақпараттық қамтамасыздандыру және коммерциландыру секторы жұмыс істейді. Институттың Атанада филиалы – Әлеуметтік-экономикалық орталығы бар. Институтта экономикалық сала бойынша 1968 жылдан бері докторлық диссертациялық кеңесі жұмыс істейді. Шетелдік ғылыми-зерттеу құрылымдарымен, ғалымдармен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Халықаралық ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарына қатысады. Мысалы: Бангког қаласындағы (Тайланд), БҰҰ Азия және Тынық мұхит елдерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен (АТМӘК) бірлесе жұмыс істейді. Бұл комиссиямен Халықаралық жобаға сәйкес Орталық Азия әлеуетін дамыту мақсатында жергілікті және аймақтықтардың тұрғындарын жұмыспен қамтамасыздандыру және олардың еңбегіне сәйкес табыс табуы бойынша жоспарлау, мониторинг жүргізу және сол бағдарламаға бағалау беру жұмыстары атқарылуда.

2012 – 2014 жылдары Институттың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары бойынша іргелі зерттеулердің жаңа жобалары әзірленбек. 

Институттың негізгі бағыттары:

  • Дамудың неоиндустриалдық моделі.
  • Адам факторын капитализациялау.
  • Қаржы және инвестициялық саясат.
  • Әлемдік валюта-қаржылық жүйені қалыптастыру мәселелері.
  • Қазақстан экономикасын басқару мәселелері. 
  • Нақты сектордың бәсекекелікке қабылеттігін көтеру.
  • Монополияға қарсы реттеу шарлары және бәсекекелікке қабылеттілік ортаны дамыту.
  • Ғаламдық экономикалық экономикалық тәуекелдер мен қауіптерді жеңу.
  • Аймақтардың даму заңдылықтары мен қағидалары.
  • Экономиканың құрылымдық және технологиялық модернизациялануы. 
  • Қазақстанды ғаламдық технологиялық кеңістікке біріктіру.
  • Кластерлік даму мәселелері. 
  • Меншік қатынастарының эволюциясы.
  • Мемлекеттік және жекеменшік кәсіпкерліктің дамуы.
  • Инстуциолналдық даму және экономикалық прагнматизм.
  • Ренттік қатынастар.
  • Жергіліеті өзін өзі басқару жүйесінің дамуы.

Институт 1952 жылы Ғылым академиясының жүйесінде құрылған. Сол кезде Қазақстанның дамуы мен іргелі экономикалық зерттеулерді жүргізудің қажеттілігі туды.
Институт ірі ғылыми бағыттар мен аргелі макро- және аймақтық экономика экадемиялық мектептерді қалыптастырды, өндірістік қатынастар мен халықтың әлеуметтік-экономикалық негіздерінің деңгейі мен тұрмыс жағдайын дамытты.

Институттың ғылыми әлеуеті жоғары, материалдық-техникалық базасы дамыған. Институт ғылыми дәрежелері бар мамандардың саны бойынша республиканың ҒЗИ арасында алдыңғы қатарда.

 

 

 

Copyright 2012-2013. Институт экономики Комитета науки МОН РК. Designed by IT Sigma.